Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

№9 Практикалық тапсырма

№9 Практикалық тапсырма. Практикалық тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Жолдарды жөндеу жұмыстарына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) алуға сұрау салу кезінде «Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»  өте көп құжаттарға көшірме жасауға бюджетте қаражат қарастырылмаған деген себеппен ақпарат беруден бас тартты. Бұл заңды ма?

Жауап көрсету
(Жауап: Бұл заңсыз. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000401 «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы ақпарат берушілерге материалдарды басып шығаруға немесе  көшірме жасауға жұмсаған нақты шығындарды ақпарат пайдаланушылардан өндіріп алуға  мүмкіндік береді. Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы нақты шығындардың көлемін есептеп, өтініш иесіне шот жолдауы тиіс. Төлем жасалған соң, сұралып отырған ақпаратты толықтай беруі керек. Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» бұл әрекеті ақпаратқа қол жеткізу заңнамасы ережелерін бұзу болып есептеледі).

  1. Статистикалық ақпаратты алуға өтініш білдірген газет редакциясына «сұралып отырған ақпараттың көлемі үлкен» деген себеппен ақпарат беруден тас тартылды. Мұндай бас тарту заңды ма? Ақпарат иеленуші  ақпаратты толық көлемде беру үшін қандай әрекеттер жасай алар еді?

Жауап көрсету
(Жауап: бас тартуға құқықтық негіз жоқ. Ақпарат иеленуші келесі әрекеттердің бірін орындауы керек еді: 1)  Ақпарат иеленуші  сұралып отырған ақпаратты ресми сайтында жариялап, өтініш иесіне сілтемесін беруіне болады; 2)басып шығаруға немесе  көшірме жасауға жұмсаған нақты шығындарды есептеп, өтініш иесіне шот жолдай алатын еді. Төлем жасалған соң, сұралып отырған ақпарат толықтай берілуі керек.