Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

Кез келген ақпарат пен идеяны іздеу, алу және тарату бостандығы да (ақпарат бостандығы) адамның өмір сүру, лайықты білім алу, бейбіт шерулерге қатысу құқықтары немесе барлық адамдардардың заң алдында теңдігі секілді негізгі құқықтарына жатады.
Тіркелу

Онлайн-курсты дайындағандар

Ольга Диденко
«Интерньюс-Қазақстан»

Заңгер. «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы, «Жарнама туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» және т.б. ҚР Заңдарының жобасын дайындауға қатысқан. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын дайындау жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі. Медиа саласындағы заңнама, журналистерге арналған заң қауіпсіздігі, ақпаратқа қол жеткізу тақырыптарында тренингтер өткізеді.

Гульмира Кужукеева
«Коммерциялық емес құқық» халықаралық орталығы (ICNL)

Орталық Азияда құқықтық саланы жетілдіру бағдарламасының жетекшісі. Қазақстанда құқықтық реформалар жүргізу бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді. Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ҮЕҰ қызметін реттейтін заңнамалар бойынша техникалық кеңес береді.
Қазақстанда қабылданған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық Кеңестер туралы» және т.б. бірнеше ҚР Заң жобасын дайындауға қатысқан. 2013-2015 жылдар аралығында Орталық Азияның бес елі бойынша азаматтық қоғам ұйымдарына құқықтық көмек көрсетуге бағытталған «Аймақтық серіктестік арқылы даму» (DRC) атты бағдарламаға жетекшілік еткен.

Татьяна Зинович
«Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» (LPRC)

«Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» (LPRC) директорының орынбасары. 2005 жылдың қаңтар айы мен 2011 жылдың желтоқсан айы аралығында тәуелсіз сарапшы ретінде ЕЫҚҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюромен (БДИПЧ), Астанадағы ЕЫҚҰ Бағдарламалар офисімен бірлесе сот қызметі мәселелері бойынша бірнеше жобаны жасады. «Криминология негіздері» сабағы бойынша екінші санатты оқытушы. ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық Кеңес мүшесі. 2015 жылы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық Кеңестер туралы» ҚР Заң жобалары бойынша ҚР