Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

№6 Практикалық тапсырма

№6 Практикалық тапсырма. Практикалық тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Өзі бақылайтын сала бойынша коммерциялық кәсіпорындарға тексеріс жүргізіп жатқан мемлекеттік органға жазбаша сұрау салдыңыз. Сіз тексеріс нәтижелерін білгіңіз келеді. Сізге қандай себептерге байланысты жауап берілмеуі мүмкін?

Жауап көрсету
(Жауап: Егер тексеріс нәтижелері туралы нақты шешім шығарылмаса әрі тексеру жұмыстары аяқталмаса, ақпарат иеленуші сіздің сұрау салуыңызға жауап беруден бас тартуы мүмкін)

 

  1. Мемлекеттік орган басшыларының блог-платформасы арқылы Қазақстан аумағында жұмыс істеп жатқан мигранттарға медициналық көмек көрсету туралы ақпарат беру туралы өтініш білдірдіңіз. Сіз оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдадыңыз. Үш күннен кейін сізге жауап беру уақыты ұзартылғаны туралы хабарлама келді. Бұл дұрыс па? Қандай жағдайларда сұрау салуларға жауап беру мерзімі ұзартылуы мүмкін?

Жауап көрсету
(Жауап: Бұл жағдайда сұрау салуға жауап беру мерзімінің ұзартылуы орынды болуы мүмкін. Бұл – екі ведомство қарауындағы мәселе. Олар: көші-қон саясаты мен денсаулық сақтау  салаларындағы өкілетті органдар. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  көші-қон саласындағы өкілетті органға сіздің сауалыңызға қатысты ақпарат беруге сұрау салады)