Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

№8 Практикалық тапсырма

№8 Практикалық тапсырма. Практикалық тапсырмаларды орындаңыз:

  1. «Қала хабаршысы» газеті редакциясы ҚР Қорғаныс министрлігіндегі мемлекеттік сатып алулар бойынша журналистік зерттеу жүргізіп жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі  бұл ақпаратта мемлекеттік құпиялар бар деген себеппен ақпарат бермей отыр. Қажетті ақпаратты алу үшін редакция не істеуі керек?

Жауап көрсету
(Жауап: Мемлекеттік  сатып алулар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ал, ол салық төлеушілердің ақшасы болғандықтан, олар қаржының қалай және неге жұмсалып жатқанын білуге құқылы. Бұл жағдайда редакция бірден сотқа жүгінуі керек. Яғни, сот арқылы Қорғаныс министрлігін мемлекеттік құпиялары бар ақпараттан бөлек, бюджет қаражатының жұмсалуы жайлы ақпарат беруге міндеттеуге мүмкіндік бар).

 

  1. Журналистер үкіметтік емес ұйымдармен бірге науқас балаларды емдеу мақсатында сатып алынатын дәрі-дәрмектер бағасының қымбаттауы бойынша деректер жинап жүр. Сатып алу бойынша тендерді Денсаулық сақтау министрлігі жүргізеді. Дәрі-дәрмектер «коммерциялық құпия» деп ақпарат беруден бас тартып отырған жеке компаниялардан сатып алынады. Ақпарат алу үшін редакция қандай шаралар қолдана алады?

Жауап көрсету
(Жауап: Журналистер мен ҮЕҰ жеке компанияларды салық төлеушілер қаржысының жұмсалуы туралы ақпарат беруге міндеттеу үшін сотқа жүгіне алады. Мұнда расымен де коммерциялық құпия екені сотта дәлелденген ақпараттан өзге деректер жайлы айтылып отыр. Олар өзге де ақпарат көздерінен ақпарат ала алатынын да айта кету керек)

 

  1. Журналистер аймақ басшыларының қанша жалақы алатынын білмекші. Жағдай бірыңғай емес, біреуі жалақы көлемін жасырмай-ақ, ақпарат беруге әзір. Біреуі сайтта кірістер мен мүлкі туралы декларация жариялаған. Ал, кейбіреуі мұны қызметтік ақпаратқа жатқызып, қол жеткізу шектелген дейді. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

Жауап көрсету
(Жауап: Заңның бірыңғай түсіндірмесі берілуі үшін сотқа немесе прокуратураға жүгіну керек. Одан кейін прокурор мәлімдемесіне немесе сот шешіміне сілтеме берілген хатты тағы бір рет жолдау керек).