Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

№7 Практикалық тапсырма

№7 Практикалық тапсырма. Практикалық тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Момышұлы көшесінің тұрғындары жақын арада жөндеу жұмыстары мен көшені көркейту жұмыстарының болатынын білді. Тұрғындар жобаның жобалау-сметалық құжаттамалары мен бюджетімен танысқысы келеді. Олар қалалық «Сәулет және қала құрылысы» басқармасына хат жолдады. Бірақ оларға бюджет есебінен бөлінген қаржы көлемі мен мердігер компания атауы ғана хабарланды. Тұрғындар жобалау-сметалық құжаттамаларын алу мақсатында хатты бірнеше рет жіберді. Алайда, жауап болған жоқ. Қажетті ақпаратты алу үшін қала тұрғындары не істеу керек? Іс-әрекеттер тізбегін ойластырыңыз.

Жауап көрсету
(Жауап: Қалалық «Сәулет және қала құрылысы» басқармасынан жоғары тұрған орган – қалалық әкімдік, ары қарай осы саладағы облыстық құрылымдар. Сол себепті, ең бірінші, қалалық әкімдікке шағым түсіру керек. Ары қарай облыстық әкімдікке жүгінуге болады. Сонымен бір мезгілде қалалық және облыстық прокуратура органдарына да шағымдануға мүмкіндік бар. Егер осы әрекеттер ешқандай нәтиже бермесе, яғни қажетті ақпарат берілмесе және кінәлі  тұлғалар жазаланбаса, онда сотқа жүгіну керек. 

 

  1. Қалаға жақын орналасқан мұнай өндіруші зауыт жұмысының кесірінен қалада қолайсыз экологиялық жағдай орнады. Енді билік бұл аймақта өмір сүру денсаулыққа қауіпті болғаны үшін тұрғындарды басқа жерге көшіруге мәжбүр. Өтемақы мөлшері мен оны төлеу міндеттері, көшіру бойынша өзге де мәселелер жергілікті мемлекеттік орган мен зауыт өкілдерінен тұратын комиссияға жүктелді. Комиссия қызметі жайлы және олардың шешімдері жайлы ақпарат құпия түрде сақталып отыр. Тұрғындар қажетті ақпаратты қалай ала алады? Жағдайды өзгерте ала ма? Олар комиссия жұмысын қалайша ашық ете алады?

Жауап көрсету
(Жауап: Адамдардың денсаулығына қауіп төніп тұрған мұндай жағдайда бірден сотқа жүгінген дұрыс. Арыз талабы ретінде қоныс аудару туралы қажетті ақпарат беру, ал қосымша арыз талабы ретінде  кінәлі тұрғындарды  анықтап, оларды тәртіптік немесе әкімшілік жауапқа тарту және комиссия жұмысының тәртібі туралы ережелерді қайта қарау деп көрсету керек)