Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

№5 Практикалық тапсырма

№5 Практикалық тапсырма.

  1. Келесі оқиғаға байланысты «Ақпарат алудың» әрекеттер ретін дайындаңыз (ашық ақпарат көздерінен және басқа да әдістермен):

Жеке кәсіпорын  мемлекеттік сатып алулар конкурсына  «Демалыс саябағында велосипедтерге арналған жол мен көлік тұрақтарын салу» лоты бойынша қатысты. Мемлекет қаржысын алғаннан соң, кәсіпорын жобалық сметалық құжаттамадан ауытқып, жұмысты толық көлемде орындамады. Велосипедтерге арналған жол мен көлік тұрақтарын салуға жұмсалған бюджет қаржысының атқарылуы туралы ақпаратты кімнен және қалай ала аласыз?

Жауап көрсету
(Жауап: бұл ақпарат тапсырып берушінің (мемлекеттік органның) және орындаушының (жеке кәсіпорынның) интернет-ресурстарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуларысайтында жариялануы керек. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат та сайттарда болуы керек. Немесе тапсырыс берушіден, орындаушыдан, лот орындауға қатысқан сарапшы және жалданған ұйымдардан ақпарат сұрауға болады. Ал, қаржылық бақылау, прокуратура органдарынан заң бұзушылықтар, анықталған қателіктер туралы ақпарат ала аламыз.

  1. Үлгіні негізгі алып, осы жағдайға байланысты ақпарат алуға өтініш формасын дайындаңыз.