Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

Практикалық тапсырма №1

Практикалық тапсырма №1. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы ақпарат бостандығы туралы негізгі қағида талаптарына сәйкес келе ме?

Жауап көрсету
(Жауап: Кейбір тұстары сәйкес келеді. Мысалы, ашық отырыстар, ақпаратты барынша толық беру секілді негізгі қағидалар қазақстандық заңда толық болмаса да қарастырылған.  Ақпарат жеткізушіні, яғни ақпаратқа қол жеткізу құқығы бұзылғанын немесе шектелгінін хабарлаған адамдарды қорғау, ерекше қарастырылатын жағдайлар көлемін шектеу секілді қағидалар заңда қарастырылмаған).

  1. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының қай баптарында ақпарат бостандығының негізгі қағидалары туралы айтылады?

Жауап көрсету
(Жауап: ашық деректер интернет-порталында ақпарат орналастыру туралы 17-бапта; «ашық отырыстар» жайлы 13-бапта айтылған)

  1. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы мәтінінде қандай негізгі қағидалар мүлде козғалмаған?

Жауап көрсету
(Жауап: Кейбір негізгі қағидалар – ақпарат жеткізушілерді, яғни ақпаратқа қол жеткізу құқығы бұзылғанын немесе шектелгенін хабарлаған адамдарды қорғау, ерекше қарастырылған жағдайлар (исключения) көлемінің шектелуі секілді принциптер заңда айтылмаған)