Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАЛАРЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҚҰПИЯЛАР ТІЗІМІ

 №2 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАЛАРЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ҚҰПИЯЛАР ТІЗІМІ

Атауы Құпияның заңмен қорғалатынын бекітілген нормативті құқықтық акт Сипаттамасы
Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі[1],

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі[2]

 

 

Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия заңмен қорғалады. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялығын қорғауға шаралар қолданады. Ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.

Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша кәсіпкерлік субъектісі қолданатын шаралар:

1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін айқындауды;

2) осы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және осы тәртіптің сақталуын бақылауды белгілеу арқылы коммерциялық құпияға қол жеткізуді шектеуді;

3) коммерциялық құпияға қолжетімділік алған адамдарды және (немесе) осы ақпарат ұсынылған немесе берілген адамдарды есепке алуды қамтуы мүмкін.

 

Жеке және отбасылық құпия Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі [3],

 

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі»[4],

 

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы »[5]

Жеке құпияларға қолсұғылмаушылық жеке мүліктік емес игіліктерге жатады және заңның қорғауында болады.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке өмір туралы өзгеше түрде хабардар болған басқа да адамдар жеке және отбасылық құпияны сақтауға міндетті.Азаматтардың жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер.  Дербес деректерді субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз пайдалануға (заңда белгіленген кейбір тізімнен бөлек) тыйым салынады.

Бала асырап алу құпиясы Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі [6] Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.

 

Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi»[7]

 

 

 

Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде әркімге жеке (жеке және отбасылық) өміріне қолсұғылмаушылық құқығы қамтамасыз етіледі. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.

Заңда көзделген жағдайлардан басқа, ешкім адамның келісімінсіз оның жеке өмірі туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқылы емес.

Адамның жеке өмірі туралы осы Кодексте көзделген тәртіппен алынған ақпаратты қылмыстық процесс міндеттерін орындаудан басқаға пайдалануға болмайды.

 

Дауыс беру құпиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы»[8]

 

Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.
Зейнетақы жинақтарының құпиясы

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы[9] Зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары туралы және оның қозғалысы туралы мәлiметтердi қамтиды.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 35-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

 

Сақтандыру құпиясы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы[10] Сақтандыруды жүзеге асыру үшін берілген қажетті мәліметтер сақтандыру құпиясы болып табылады.
Дәрігерлік құпия «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.

Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде, оның ішінде қан мен оның компоненттерінің донорлығы кезінде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі.

 

Салық құпиясы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)[11] Салық органдарына берілген салық төлеуші (салық агенті) туралы деректер, ҚР Салық кодексінде көрсетілген кейбір мәліметтерді қоспағанда.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жария етпеуге тиіс.

 

Адвокат құпиясы «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы[12]  Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Адвокаттардың, олардың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілердің адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.

Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға “Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпарат беру адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды.

 

Банк құпиясы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы[13] Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.

Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.
Осы баптың 4 – 8-тармақтарында көзделген ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған банктердің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8) және 8-1) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге де адамдар, оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.

Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға ашылуы мүмкін.

Тергеу құпиясы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі [14] Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа да адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.

 

Үкім шығару құпиясы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» [15] Істі қараған судья үкімді өзіне қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайларда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге адамдардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.

Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.

Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.

 

Алқабилер кеңесiнiң құпиясы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» [16] Жарыссөз аяқталғаннан және сұрақтар тұжырымдалғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.Кеңесу бөлмесiнде судья мен алқабилерден басқа, өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Төрағалық етуші алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуына болатын, сондай-ақ жұмыс уақыты аяқталған соң келесі күні ол басталғанға дейін демалыс үшін үзіліс жариялауға құқылы. Демалыс және мереке күндеріне байланысты үзіліс жасауға жол берілмейді.

 

Нотариаттық қызмет құпиясы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы[17] Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

Нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттiлік нотариустың тағылымдамадан өтушілері мен көмекшiлерiне қолданылады.

Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.

Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер де оған заң көмегіне жүгінген сенім білдірушінің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысатын адвокаттың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

 

 

 


 

[1] 5-тармақ , 10-бап  «Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау», Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

[2] 28-бап «Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау». 2015 жылдың 29 қазанындағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z28

[3] 115-бап, 3-тармақ «Азаматтық құқық объектілерінің түрлері» Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_

[4] 53-бап «Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия».  2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі». Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518

[5] 1-бап,  Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000094

[6] 102-бап «Бала асырап алу құпиясы ». 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV.Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518

[7] 16-бап, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi», Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231

[8] 8-бап, «Жасырын дауыс беру», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002464_

[9] 57-бап, «Зейнетақы жинақтарының құпиясы». «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1300000105

[10] «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000126_

[11] 557-бап, «Салық құпиясы».  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K080000099_

[12] 18-бап «Адвокат құпиясы». «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы. Кодекс мәтініне сілтеме:  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000195_

[13] 50-бап «Банк құпиясы». «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_

[14] 201-бап «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу». «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231

[15] 389-бап «Үкім шығару құпиясы». «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. Кодекс мәтініне сілтеме:  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231

[16] 655-бап «Алқабилер кеңесiнiң құпиясы». «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231

[17] 3-бап «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Заңы. Заң мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000155_