Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

Практикалық тапсырма № 3

№ 3 Практикалық тапсырма. Төмендегі практикалық тапсырмаларды орындаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. А. деген азамат ҚР Ішкі істер министрлігіне өзі тұратын ауданның пенитенциарлық жүйе мекемелерінің бюджет есебінен қаржыландырылуы туралы ақпарат алу мақсатында өтініш жолдады. Министрлік қызметкерлері мұндай мазмұндағы ақпарат оған не үшін керек екенін және ары қарай бұл ақпаратты не істейтінін сұрады. ҚР Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бұл әрекеті заңды ма?

Жауап көрсету
(Жауап: ҚР Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бұл әрекеті заңсыз. Ақпарат иеленуші ақпарат алу мақсатын анықтауға құқығы жоқ. Ал, ақпарат пайдаланушыларға ақпарат алу қажеттілігін дәлелдемеуне болады. Яғни, бұл ақпараттың ары қарай пайдаланылу мақсатын да  түсіндірмеуге болады).

  1. Ата-аналардан құрылған белсенді топ ҚР Білім министрлігіне еліміздің бірнеше аймағы бойынша шағын комплектілі мектептердің жабылу туралы бұйрық көшірмесін алуға өтініш жолдады. Министрлік бұл ақпарат қызметтік ақпаратқа жатады деген себеппен, көшірмелерді беруден бас тартты. Ата-аналар бұдан кейін қандай әрекеттер жасауға құқылы? Сіз қандай кеңес берер едіңіз?

Жауап көрсету
(Жауап: «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңына сәйкес, Білім министрлігі шығарған бұйрықтар министрліктің сайтында жариялануы тиіс. Егер министрлік бұл талапты орындамаған болса, онда министрлікке өтініш жолдауға болады. Құзырлы орган бұл бұйрық көшірмесін беруге міндетті)

  1. Б.есімді еңбек мигранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ауыр науқасы болғандықтан, қандай тегін медициналық көмек көрсетілетіні туралы сауал жолдады. Министрлік Б. есімді азамат Қазақстан Республикасының азаматы болмағандықтан, ақпарат беруден бас тартты. Министрлік қызметкерлерінің әрекеті заңды ма?

Жауап көрсету
(Жауап: «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңына сәйкес, ақпарат пайдаланушы ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің бұл әрекеті заңсыз. Өтініш иесінің азаматтығына қарамастан, бұл сауалға міндетті түрде жауап берілуі керек).