Онлайн курс

Ақпаратқа қол жеткізу
Басынан аяғына дейін

Ақпаратқа жылдам қол жеткізуге арналған жаңа технологиялар: «Ашық үкімет», электрондық жүгіну сервистері, мемлекеттік органдар мен аймақ басшыларының блог-платформалары

 

1. «Ашық үкімет» порталы және «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Мемлекеттік органдар жұмысы тиімділігінің бағасы» секілді оның құрамдас бөліктерінің мүмкіндіктері

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар үкімет үшін қоғам алдында ашық болуға мүмкіндік беріп отыр. Ашық үкіметті дамыту – ақпарат бостандығы саласының негізгі принциптерінің бірі. Қазақстанда бұл принцип өте белсенді жұмыс жасап отыр деуге болады. Мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігін «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн режимде пайдалануға болады. «Электронды үкімет» порталында мемлекеттік органдардан өтініш беру арқылы қажетті ақпарат алуға болады. Ол «Электронды жүгіну» және «Мемлекеттік орган басшыларының блог-платформалары» сервистері арқылы жүзеге асады.

«Электронды жүгіну» сервисін қолдану  үшін электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦП) қажет. Сондай-ақ, азамат «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушысы болуы керек. Заңды және жеке тұлғаларға ЭЦҚ алу бойынша нұсқаулықпен сілтеме арқылы таныса аласыз.

«Ашық үкімет» порталы халықты мемлекеттік органдар қызметі жайлы ақпаратпен хабардар ету мақсатында жасалған.  Транспаренттік және есеп беретін үкіметті қалыптастыру үшін ақпарат қолданушылар мен иеленушілер арасындағы қарым-қатынастың жаңа формасын енгізу де негізгі мақсаттардың бірі.

«Ашық үкімет» порталы бес құрамдас бөліктен тұрады:

Ашық НҚААшық НҚА (нормативті құқықтық актілер) – мұнда барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар жасайтын НҚА жобалары жарияланады. НҚА жобаларымен танысумен қатар, қолданушы жобалардың қоғамдық талқылауларына қатысып, өз пікірін білдіре алады. Сонымен қатар, заң жобасын жасаған мемлекеттік органға талқыланып отырған жобаға өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстарын жолдай алады. 
Ашық деректерАшық деректер – ҚР азаматтары үшін еркін қолжетімді электронды ақпараттық ресурстар. Олар машина оқи алатындай жарияланады және қолданушылардың ары қарай пайдалануларына арналған. «Ашық деректер» арнайы сервисінде  ашық деректер мен ашық деректер бойынша сілтеме және түсіндірме ақпараттар орталықтандырылған бір жүйеде сақталады. «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы ҚР Заңы мемлекеттік органдар мен өзге ақпарат иеленушілерді азаматтарға ашық ақпарат беруге міндеттеген.  Ақпарат пайдаланушылар – ашық ақпаратты жүктеп алуға және өз қалауынша коммерциялық және коммерциялық емес мақсатта қолдануға құқылы жеке және заңды тұлғалар. 
Ашық бюджеттер«Ашық бюджеттер» арнайы сервисі салық төлеушілерге  бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен олардың жүзеге асырылуы туралы жылдық есептерді талқылауға мүмкіндік береді. Сервис орталық өкілетті органдардың бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бюджеттің атқарылуы туралы деректерін топтастырады:1.       бюджеттік есептілік;

2.       шоғырландырылған қаржылық есептілік;

3.       мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелері туралы мәліметтер;

4.       бюджеттік бағдарламалар жобалары;

5.       бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есептер.

 

Ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы есептерге ұсыныс-пікірді «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушылары ғана қалдыра алады. Ұсыныс көлемі 1000  символдан аспауы керек. Қолданушы ұсынысы жарияланған соң,  жобаны жасаған мемлекеттік органға жетеді және  бюджеттік бағдарлама жобасын қоғамдық талқылау туралы есепте  көрсетіледі.

 

 Ашық диалог«Ашық диалог» мемлекеттік органдар мен халық арасында тиімді кері байланыс орнату мақсатында жұмыс істейтін интерактивті механизм.  Ол мемлекеттік орган басшыларының блог-платформаларына жүгіну арқылы жүзеге асады.  Қазір аймақ басшыларының блог-платформалары да қосылды. Сонымен қатар, интернет-конференциялар мен сауалнамаларға қатысуға болады. Қызмет көрсету сапасын бағалауға да (мысалы, ұялы байланыс операторының сапасы) мүмкіндік берілген. 
 Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауБұл – 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашылған «Ашық үкімет» порталының жаңа компоненті. Мұнда министрліктердің стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы есептер, олардың қоғамдық талқылаулары жарияланады. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың мақсаты – оларға жүктелген міндеттер мен қызметтердің жүзеге асырылуын айқындау. Бұл бағалау жүйесі келесі қызмет түрлерін қамтиды:

·         Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштері мен мақсаттарын орындау;

·         Мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында тиімді байланыс орнату;

·         Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы.

 

2. «Электронды үкімет» порталындағы «Электронды жүгіну» сервисі

 «Электронды үкімет» порталы арқылы сіз ақпарат алуға сұраным жолдай аласыз және ақпарат ала аласыз. Қажетті ақпарат алу үшін сізге келесі әрекеттерді ретімен жасау керек:

  1. Электронды цифрлік қолтаңба алып, сайтқа тіркелу;
  2. «Электронды жүгіну» онлайн-сервисін таңдау;
  3. Берілген форманы толтыру;
  4. Толтырылған формаға электронды цифрлік қолтаңба қою;
  5. Таңдалған мемлекеттік органға жолдау.

Ал сіз жолдаған электронды сұранымыңызға қалай жауап ала аласыз?  Сіздің сұранымыңызға жауап «Электронды үкімет» порталындағы жеке кабинетіңізге жолданады.  Сіздің электронды сұранымыңыз мемлекеттік орган қарауына алынған соң, сіздің жеке кабинетіңізге мынандай хаттар келуі тиіс:

  • Хаттың жеткені туралы хабарлама;
  • Өтініштің тіркелгені туралы хабарлама. Онда тіркелген күні, мемлекеттік орган берген тіркеу нөмірі немесе өтініштің қабылданбағаны туралы хабарлама (қабылданбаған себебі түсіндірілуі керек);
  • Өтініштің атқарушыға жолданғаны туралы хабарлама. Онда орындаушы мен орындау мерзімі көрсетіледі;
  • Өтініштің орындалғаны туралы хабарлама. Онда орындаушы, орындау мерзімі және өтінішті қарау нәтижелері көрсетіледі. Немесе өтініш өзге субъектілерге немесе лауазымды тұлғалардың қарауына жолданғаны жайлы ақпарат болады. Толық ақпаратты сілтеме арқылы ала аласыз.

 

3. Мемлекеттік органдар мен аймақ басшыларының блог-платформаларына жүгіну

Қажетті ақпаратты алуға сұраныс жолдаудың тағы бір әдісі –  мемлекеттік орган басшыларының блог-платформалары. Қазір тек қана мемлекеттік орган басшыларына ғана емес, облыс әкімдеріне де өтініш жіберуге болады. Сонымен, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформалары арқылы қалай өтініш жолдауға болады?

Қолданушы берілген форманы толтыруы керек. Онда өзі жайлы бірнеше сұрақтарға жауап беруі тиіс. Олар:

  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН, орысша:ИИН);
  • Сұрақ авторының есімі;
  • Жеке электронды поштасы;

Ары қарай:

  • Тізімнен хат алушыны белгілеу;
  • Сұрақтың қандай категорияға жататынын белгілеу;
  • Сұрақ мәтінін теру;
  • Суретті тіркеу (мысалы, оқиға орнынан фото немесе сканерленген құжат).

Өтініш жіберу үшін қолданушыға, міндетті түрде, электронды цифрлік қолтаңба (ЭЦП) қажет. Сондай-ақ, азамат «Электронды үкімет» порталының тіркелген қолданушысы болуы шарт.

"Ашық үкімет" деген не?